Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясы

A- A A+

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған

Специализированная школа-гимназия №30 для одаренных детей с обучением на трех языках

 

 

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Астана қаласында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты халықаралық конференция өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (бұдан әрі - Академия) 2016 жылғы 4 қарашада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында қазақ педагогі – ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты Мерекелік іс-шаралар жоспары аясында «Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім» халықаралық конференциясын өткізеді (бұдан әрі - Конференция).

Конференция мақсаты - Ы. Алтынсариннің педагогтік мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыру.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, Академия ардагерлері, әр жылдардағы Академия басшылары, отандық және шетел ғалымдары, Ы.Алтынсарин атындағы білім беру ұйымдарының, барлық типтегі білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Конференция аясында «Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздері», «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының сабақтастығы», «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және қазіргі кәсіптік білім» панельдік сессиялары өткізіледі.

Конференцияны бірлесе ұйымдастырушылар: Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы.

Академия ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында ұлы ағартушы -  педагог Ы. Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналған республика мектептерінің 7-11-сыныптары оқушыларының арасында «Ұшталған қалам» атты конкурсын өткізді, республикалық сынып сағатын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Өткізілген шаралар оқушылардың бойында елімізге деген патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін, ағартушы-педагогтың мұрасына құрмет сезімін, Ы.Алтынсариннің зияткерлік және рухани мұрасына қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Достық көшесі, 11, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, конференц-залы, 1-қабат.

Өткізілетін уақыты: 04 қараша 2016 ж., 10:00 – 18:00

Байланыс телефондары/факс: 8(7172)-57-72-03, 57-63-53, 57-63-25, Академия сайты www.nao.kz.

Аккредитация: 02.11.2016 жылдың 18:00 дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. почтасына тіркелуіңізді сұраймыз.