Педагог-дефектологтары үшін біліктілікті арттыру курстары өтті
2016 жылғы 4-13 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі нің қолдауымен Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы базасында арнайы білім беру ұйымдарының педагог-дефектологтары үшін біліктілікті арттыру курстары өтті.
Монтессори-педагогикасы бойынша жүргізілген курстарға Қазақстанның 15 өңірінен 39 тыңдаушы қатысты.
Білікті арттыру курстарының бағдарламасы тыңдаушыларда ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды түзете-дамыту жұмысына М.Монтессоридің педагогикалық жүйесін қолданудың мүмкін болатын жолдары мен тәсілдері туралы ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған. Курстар аясында Монтессори-терапия кабинетіндегі материалдармен үздіксіз практикалық жұмыс жүргізілді.