«Қауіпсіз мектеп» акциясы
2016 жылғы 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясын өткізді.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, акция барысында республикамыздағы барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары, флешмобтар, суреттер мен плакаттар конкурстары, жас жол қозғалысы инспекторларының жарысы, ата-ана жиналыстары, лекциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, сынып сағаттары, нұсқаулықтар, кездесулер ұйымдастырылып, ақпараттық стендтер дайындалып, әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Акцияға қатысушылардың басты назары жол қозғалысы ережелерімен танысуға, балалардың әртүрлі жағдайдағы қауіпсіз әрекет етуге, салауатты өмір салтын ұстануға және ата-аналардың жауапкершілігіне аударылды.
Денсаулық сақтау, құқық қорғау, төтенше жағдайлар органдары өкілдері, оқушыларға, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналарға арналған қауіпсіздік техникалары бойынша нұсқаулықтар, бірінші медициналық көмек көрсету бойынша оқу тренингтерін өткізді.
Сонымен қатар іс-шара басырында брошюралар мен жадынамалар таратылды.
Жалпы акция аясында 2 млн. 444 мың 258 баланың қатысуымен 44 544 іс-шара өткізілді. Аталған тақырыпта 248 мақала жарияланды.